masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ҚЫРЫҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІ ЖЕМІСІН БЕРГЕН ҰСТАЗ

14 мая, 2020
in Білім
0
ҚЫРЫҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІ ЖЕМІСІН БЕРГЕН ҰСТАЗ
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов шаһардағы білім саласында 40 жыл тер төккен үздік ұстазды қабылдады. Кездесуде Қ.Сәтбаев атындағы №12 жалпы орта мектебін он жылға жуық басқарған Жанатсұлу Сагдуллаеваның ерен еңбегіне алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және әкім атынан тағайындалған алғыс хаттарды табыстады.

Әңгімелесу барысында сыннан өткен білікті мамандардың қашанда керек екенін, кейінгі жас ұстаздардың үлгі алып, көп үйрену қажеттілігі тілге тиек етілді. Осы мақсатта зейнетке шыққан ұстаздар қауымының басын біріктіре отырып, келешек буынмен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін қоғамдық бірлестік құрылатыны сөз болды.

Еңбегі еленіп тиесілі марапат тұғырынан көрінген Жанатсұлу апай ұстаздық жолдың даңқ пен мәртебе екенін, мақтан етерлік қаншама үздік шәкірттері болғанын мақтаныш сезіммен жеткізді. Ұзақ жылғы ұстаздық шеберханасындағы үздік тәжірибелерін талмай үйрететінін айта келіп, лайықты құрмет көрсетілгені үшін рахметін жеткізді.

Айта кетейік, Жанатсұлу Мырзахметқызы Шымкент Педагогикалық институтының түлегі. Еңбек жолын 1978 жылы Некрасов атындағы мектепте кітапханашы болып бастаған. Одан кейінгі әр жылдарда М.Жұмабаев атындағы №15 орта мектебінде, Ж.Еділбаев атындағы №11 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Ал 2011 жылы Қ.Сәтбаев атындағы №12 жалпы орта мектебіне директор болып тағайындалғаннан қазірге дейін осы бір қызметтің үдесінен шығып келді. Мың машақатын да көрді, бақытын да сезінді. Міне бүгін ұстаздық жолындағы жарты ғасырға жуық жеңісті еңбегі жемісін беріп отыр.

Үмітбек БАҒДАТ.

Previous Post

ДЕПУТАТТАР МАҚТААРАЛҒА 30 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖІБЕРДІ

Next Post

МАҚТААРАЛДА 800-ДЕН АСТАМ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ҚҰРЫЛЫСТА ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде