masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ДЕПУТАТТАР МАҚТААРАЛҒА 30 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖІБЕРДІ

13 мая, 2020
in Қоғам
0
ДЕПУТАТТАР МАҚТААРАЛҒА 30 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖІБЕРДІ
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттары Nur Otan партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 7 бірдей жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті.
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің өзі ұйытқы болғанын айта кету керек.

Аталған керуенді шығарып салу шарасына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, осындай қысыл-таяң уақытта мақтааралдықтарға көмек қолын созған азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында тасқын судың бетін қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Апат айтып келмейді. Мақтаарал ауданында дәл қазіргі уақытта қауіптің беті қайта бастады. Аталған аудан да мыңға жуық маман жұмыс істеп жатыр. 3,5 мыңнан астам тұрғын эвакуация орындарына жайғастырылған. Оларға біз барлық тиісті көмекті көрсетуіміз қажет. Осы ретте елдің соның ішінде депутаттардың осындай бастама көтеріп, халыққа болысуы көңіл қуантады. Ең бастысы – халыққа сабыр мен төзімділік қажет. Алдағы уақытта тасқын судан келген шығындар толық есептеліп, жаңа үйлер бой көтеріп, жолдар жөнделіп қалыпты өмір басталатынына сенімдіміз, – деді Өмірзақ Естайұлы.
Айта кетейік, жалпы соммасы 21 млн теңге болатын керуенінде азық-түлік тауарларынан бөлек, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған тауарлар да жеткілікті. Яғни, керуенде 11,7 тонна ұн, 2,9 тонна күріш, 3,6 тонна қант, 2,8 тонна макарон, 1,5 тонна ет, 900 келі жуық сүт өнімдері, 2,8 тонна картоп, 1,7 тонна пияз, 1,3 тонна сәбіз және тағы басқа да азық-түлік өнімдері бар.

Аталған керуен Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға келіп жетеді деп күтілуде.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУАЛАР РЕСЕЙГЕ 60 ТОННА ӨНІМ ЭКСПОРТТАДЫ

Next Post

ҚЫРЫҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІ ЖЕМІСІН БЕРГЕН ҰСТАЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде