masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ХАЛЫҚТЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН МЕЙІРБИКЕ

2 мая, 2025
in Uncategorized
0
ХАЛЫҚТЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН МЕЙІРБИКЕ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Медицина – жан жылуы мен жоғары кәсібилікті талап ететін қасиетті сала. Бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдап, науқастардың саулығы үшін бар күш-жігерін арнап жүрген жандардың бірі – Исабекова Гульзира Шеримовна. Ол өз ісіне деген адалдығы мен жоғары біліктілігінің арқасында әріптестері мен емделушілердің ерекше құрметіне ие болған мейірбике.
Гульзира Шеримовна 1976 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келіп, бала күнінен-ақ адам өмірін сақтап қалуға үлес қосуды армандаған. 1995 жылы Шымкент қаласындағы медицина училищесін тәмамдап, еңбек жолын «Шымкент балалар жұқпалы ауруханасының» реанимация бөлімшесінде бастады. Жас маман алғашқы күннен-ақ өз ісіне деген ұқыптылығымен, жауапкершілігімен ерекшеленді.
2002 жылы Шымкент қалалық онкологиялық орталығының хирургия бөлімшесіне медбике болып қабылданған ол әр науқасқа тек медициналық көмек қана емес, жүрек жылуын да сыйлауды басты қағидасы етті. Оның жылы сөзі мен қамқорлығы сансыз жанның алғысына бөленді. Қиындыққа мойымай, науқастардың саулығы үшін барын салатын білікті маман 2017 жылы аға медбике қызметіне тағайындалды.
Өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын Гульзира Шеримовна 2024 жылы Семей медицина университетінің «Мейірбике ісі» (академиялық бакалавриат) бағдарламасын сәтті аяқтап, жоғары деңгейдегі мейірбике атанды. Сонымен қатар, «Менторларды даярлау» бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, жас мамандардың біліктілігін арттыруға үлес қосуда. Оның кәсіби тәжірибесі – әріптестері үшін таптырмас үлгі.
Гульзира Шеримовна тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар, отбасы мен қызметтің жауапкершілігін қатар алып жүрген аяулы ана. Ол қандай жағдай болмасын, ең алдымен, адамгершілікті биік қояды. Медициналық процедуралармен қатар, емделушілердің психологиялық жағдайын да ескере отырып, олармен жылы қарым-қатынас орнату – оның басты ұстанымы.
Медицина – ұдайы дамуды талап ететін сала. Гульзира Шеримовна заманауи медициналық үрдістерді меңгеруге ерекше көңіл бөліп, үнемі өзін жетілдіріп отырады. Оның мейірімділігі мен жанашырлығы – нағыз кәсіби медбикенің айқын белгісі.
Науқастың өмірі мен денсаулығы кейде дәрігер ғана емес, оның жанында жүрген медбикенің де шұғыл шешім қабылдауына байланысты. Гульзира Шеримовна осы жауапкершілікті толықтай сезіне отырып, әрдайым өз жұмысын адал атқаруда. Оның адал еңбегі – тек мақтау мен марапатқа ғана емес, халықтың алғысына лайық.
Ақ халатты абзал жандар – адам өмірінің шырақшылары. Гульзира Шеримовнадай өз ісіне берілген, мейірімді әрі кәсіби медбикелердің еңбегі әрдайым бағалануы тиіс. Халық саулығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген оның өмірі – барша жас мамандарға үлгі. Өмірін медицинаға арнап, өз ісінің нағыз майталманы болған медбикеге зор алғыс білдіреміз!

Previous Post

АДАЛ ЕҢБЕК АБЫРОЙҒА БӨЛЕЙДІ, ТАБЫСҚА КЕНЕЛТЕДІ

Next Post

БАТЫР АНАНЫ АРДАҚТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде