masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АДАЛ ЕҢБЕК АБЫРОЙҒА БӨЛЕЙДІ, ТАБЫСҚА КЕНЕЛТЕДІ

2 мая, 2025
in Uncategorized
0
АДАЛ ЕҢБЕК АБЫРОЙҒА БӨЛЕЙДІ, ТАБЫСҚА КЕНЕЛТЕДІ
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлесін қосып жүрген еңбекқор жандарды ұлықтау, өнегелі ісін үлгі ету қашанда маңызды екенін айтады. Жарқын болашақ жолында білек сыбана тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүрген жандар мақтауға да, мақтануға да лайық.
Солардың қатарында Қасмурзаев Бауыржан Амиранұлы да бар. Ол – қоғамдық көлік саласында 21 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты автобус жүргізушісі. Ол өзінің кәсіби қызметін қоғамдық көлік жүргізушісі ретінде бастап, жолаушылар тасымалы саласында мол тәжірибе жинақтаған.
Ұзақ жылдар бойғы еңбегі барысында Бауыржан Амиранұлы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтай отырып, жолаушыларды белгіленген бағыттар бойынша уақытылы әрі сенімді жеткізуге ерекше мән береді. Оның кәсіби дағдысы мен жауапкершілігі әріптестері мен жолаушылар тарапынан жоғары бағалануда.
Бауыржан Амиранұлы – өз ісіне адал, тәжірибелі және сенімді жүргізуші. Қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру жолында еңбек етіп, қала тұрғындарының күнделікті қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етіп жүр.
«Қазірде елімізде жұмысшы мамандықтарына, қара жұмыс істейтін қажыр-қайрат иелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Адал еңбек абыройға бөлейді, табысқа кенелтеді. Жұмыс істеймін деп талаптанған жан ешуақытта елеусіз қалмайды», дейді тәжірибелі жүргізуші.
#RSK #RSK_SHYMKENT #2025_ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ

Previous Post

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТЫП ЖҮРГЕН МАМАН

Next Post

ХАЛЫҚТЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН МЕЙІРБИКЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде