masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТ БІР ТОП АЗАМАТҚА КӨМЕК БЕРДІ

13 ноября, 2024
in Қоғам
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТ БІР ТОП АЗАМАТҚА КӨМЕК БЕРДІ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мұратәлі Қалмұратов азаматтарды жеке қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың көпшілігі әлеуметтік тұрғыда көмек сұрады.
Қабылдауға келген бірнеше азамат Самал және Құрсай елдімекендерінен келген. Олар өздерінің табыстарының төмендігінен күн көрістің қиындап кеткенін айтты. Қыс мезгілінің жақындауы коммуналдық қызметтердің бағасын арттырып, азаматтардың шығындарын одан әрі көбейтіп жатқанын атап өтті. Мұратәлі Қалмұратов осы мәселемен тереңірек танысып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға өз қаражаты есебінен бір реттік қаржылай көмек ұсынды.
Сонымен қатар, құқықтық көмек сұраған азаматтар да болды. Күншығыс мөлтекауданының тұрғыны жеке меншік жеріне мемлекеттік акт ала алмай жүргенін айтып, осы мәселеге кедергі келтіріп жатқан адамдар барын мәлімдеді. Депутат бұл жағдайды тыңдап, азаматқа азаматтық сотқа жүгіну бойынша кеңес берді.
Қабылдауға келген азаматтардың ішінде ІІ топ мүгедектігі бар жан да болды. Ол коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер алуға мүмкіндік сұрады. Осы мәселені шешу үшін депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына телефон арқылы хабарласып, заң аясында тиісті жауап алуға ықпал етті.
Мұратәлі Қалмұратов қабылдауға қатысқан азаматтардың мәселелеріне байланысты жеке сұрақтар бойынша кеңестер беріп, телефон арқылы да құқықтық көмек көрсетіп, олардың мәселелерінің оң шешілуіне барынша қолдау көрсетті.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы партиямыз азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың мәселелерін шешуге үлес қосуда. Біз әрқашан халықтың қасында боламыз!» – деп атап өтті депутат.

Previous Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛДІ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Next Post

А.ДИВАЕВ КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА ГҮЛЗАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде