Әл-Фараби ауданы тағы бір гүлзармен толықты. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Аумағы 0,31 гектарды құрайтын гүлзар А. Диваев көшесінде орналасқан. Мұнда шынар, гуджу, каштан ағаштары мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.
Құрылыс барысында 1031 шаршы метрге мәрмәрдан жасалған аяқжол төселіп, 1014 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Тұрғындар мен қонақтардың қолайлығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және ерекше фотоаймақ та қарастырылған.
Бұдан бөлек, 3 300 адам тұратын 20 көпқабат үй айналасында салынған гүлзарда балаларға арналған әткеншек, шахмат үстелі, теннис үстелі, мәрмәр орындықтар, қоқыс жәшігі, вазон, жарықшам бағаналары, пергола және декоративті тастар орнатылған.
Жергілікті азаматтар жаңа демалыс аймағының салынғанына қуанып, ризашылығын білдірді.
Қоса кететін, өткен 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26 пайызға артып, 724,3 миллиард теңгені құраған. Былтыр 1 триллион теңгеден астам соманың өнеркәсіптік өнімі өндірілген. Құрылыс саласы айтарлықтай жанданып, 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.
Жалпы биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 184,3 млрд теңгені, немесе 104,5 пайызды құрады.
Бюджеттен биылға 222 нысанның құрылыс жұмыстарына 190,7 млрд.тг. қарастырылған.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 826,9 мың шаршы метр немесе 110,6 пайыз құрады.
Жалпы алғанда қаланың бас жоспары — жобалық құжат, оның негізінде аумақтарды жоспарлау, дамыту, реконструкциялау және қала құрылысын дамытудың басқа түрлері жүзеге асырылады. Бас жоспардың негізгі бөлігі (кейде оны бас жоспар деп те атайды) — бұл жобаланған объектінің сызбасын аумақтың топографиялық, инженерлік-топографиялық немесе фотографиялық жоспарына графикалық қабаттастыру арқылы алынған масштабты кескін.
Жалпы қаланы салу перспективасы негізінен солтүстік бағытта, Тұран, Шымкент-сити тұрғын аудандарының, жаңа орталық ауданының көпқабатты кешендерімен белсенді түрде салынуда.
Одан бөлек, қаланың серпінді дамуына және туристік әлеуетін арттыруға ықпал жасайтын, маңызды ірі замануи жобалар ретінде 2000 орынды «Конгресс холл» салынды. Бұдан бөлек 800 орынды «Опера және балет» театры, 2000 орынды 4 «Оқушылар сарайы», «18 жайлы мектеп», 320 орынды «Перинаталды орталық», 800 орынды «Универститеттік клиника», 5000 орынды жабық «Спорт аренасы» (болжаммен 2024-2025 жылдары), 35 мың орынды «Футбол стадионы» құрылыстары қарқынды салыну бағытында жұмыстар атқарылуда.