masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15 ноября, 2024
in Экономика, Қоғам
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Аймақты дамыту» және «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор» мәселелері жөніндегі кеңестер бірлескен отырысын өткізді. Жиынға партия филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, кеңес төрағасы Лазиз Сулайманов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Қайнарұлы, сондай-ақ кеңес мүшелері қатысты.
Отырыста басқармаларға қатысты партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Алғаш болып сөз алған Ролан Ибрагимов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Р.Ибрагимовтың айтуынша, қала аумағындағы көшелер желісінде құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге биыл бюджеттен 59,8 миллиард теңге бөлінген. Осы қаржыға қазіргі таңда 346,6 шақырым көше жөнделіп, жыл соңына дейін тағы 222 шақырым көшені пайдалануға беру көзделген. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.
Сондай-ақ, басқарма басшысы халықтың сұранысына орай жүріп-тұруды ыңғайластыру мақсатында қоғамдық көліктердің бірнеше маршруттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді. Бұл өзгерістер азаматтардың қажеттілігіне жауап беріп, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.
Одан әрі, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысының міндетін атқарушы Азат Қайнарұлы сөз алып, қаладағы инфрақұрылымдық жаңартулар туралы мәлімет берді. Қазіргі уақытта қаладағы 80 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл көрсеткіш 99%-ды құрайды. Қалған 1 елді мекенде жыл соңына дейін толық ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда, нәтижесінде Шымкент қаласының ауыз сумен қамту көрсеткіші 100%-ға жетеді.
Сонымен қатар, Азат Қайнарұлы қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында да айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті. Бүгінде қала бойынша 81 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған, ал табиғи газбен 55 елді мекен қамтамасыз етілген. Газбен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 96%-ды құрайды, қалған 24 елді мекен жартылай қамтылған, ал 2 елді мекен әлі газдандырылмаған.
Жиын барысында кеңес мүшелері сайлау бағдарламасында орындалмай қалу қауіпі бар нысандар жөнінде сауалдар жолдады. Сала мамандары аталған құрылыстардың нақты қашан аяқталатыны туралы түсініктеме беріп, жұмыстардың мерзімі мен барысын нақтылады.
Жиын қорытындысы бойынша, қаладағы инфрақұрылымдық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, қалалық көлік жүйесін жетілдіру, ауыз су және энергетика саласындағы мәселелерді шешу бағытында нақты жоспарлар мен міндеттер қойылды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ САТЫП АЛУҒА ҰСЫНЫЛМАЙТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Next Post

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде