masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

20 ноября, 2024
in Қоғам
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүгедектігі бар азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара жергілікті әкімшілікке қарасты «Еңбек мобильділігі» орталығы мен «Ten qogam» әлеуметтік қолдау мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Сондай-ақ, игі іске партия филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестің төрайымы Баян Жандосова атсалысты. Ол бірқатар азаматтарды қабылдап, мәселелеріне үңіліп, тиісті деңгейде көмек берді.
Жиынға «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов арнайы қатысты. Сала мамандарымен ерекше жандарға қолайлы жағдай жасаудың жолдарын талқылап, жәрмеңкеге келген азаматтармен пікір алмасты.
Жәрмеңкеге 20-дан аса жұмыс беруші қатысып, 600-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар, орталықтың «Күміс жас» бағдарламасы аясында 355 жұмыс орны, «Жастар практикасы» бойынша 1886 бос орын және «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы аясында 302 жұмыс орны ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар жыл басынан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. қала әкімінің «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота белгілеу туралы» қаулысы аясында 42 мекемеге 140-тан астам азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл жалпы 33 мыңнан аса азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, оның ішінде 1368 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту көзделген. Нәтижесінде 1000-нан аса мүгедектігі бар жан түрлі салалар бойынша жұмысқа орналасты.
Бұл жәрмеңке мен атқарылған шаралар мүгедектігі бар азаматтарды еңбек нарығына белсенді түрде тарту мақсатында ұйымдастырылған маңызды қадам болып табылады.

Previous Post

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

ВЕЛОЖОЛДА АВТОКӨЛІКПЕН ЖҮРГЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде