masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДӨРЕКІЛІК ТАНЫТАТЫН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ШАҒЫМ ТҮСТІ

21 ноября, 2024
in Қоғам
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДӨРЕКІЛІК ТАНЫТАТЫН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ШАҒЫМ ТҮСТІ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Лазиз Сулайманов қала тұрғындарын жеке қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтар негізінен әлеуметтік және медициналық мәселелер бойынша көмек сұрады. Олардың арасында ерекше назар аударуға тұрарлық бірнеше жағдайлар болды. Мәселен, Мирас мөлтекауданының тұрғыны баласының еміне көмек көрсету туралы өтінішпен келген еді. Лазиз Сулайманов жағдайды мұқият қарап, шағымданушыға өзінің жеке қаражаты есебінен бір реттік қаржылай көмек ұсынды.
Ал «Шымсити» тұрғыны медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағым білдірді. Ол «Эмирмед» медициналық орталығы қызметкерінің дөрекі сөйлеп, келушілерге тиісті деңгейде қызмет көрсетпегенін айтып, депутатқа жүгінді. Лазиз Сулайманов денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, жағдайды анықтап, тиісті шара қолдануды талап етті. Нәтижесінде медициналық қызметкерге ескерту жасалып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тағы бір қала тұрғыны Ақтас шағын ауданында газ қызметіне қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, газ тұтынушыларынан екі түрлі түбіртек келіп, түсініспеушілік туғызған. Депутат осы мәселені шешу үшін «КазТрансГаз» мекемесіне хабарласып, тұрғынның шағымын толық зерттеп, түбіртек мәселесін оңтайлы шешті.
Бұл қабылдау Шымкент қаласының тұрғындары үшін өте маңызды болды, себебі әрбір азаматтың проблемасына назар аударылып, оларды шешу жолдары табылды.

Previous Post

ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДА БОЛЫП, ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде