masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

22 ноября, 2024
in Қоғам
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы қала тұрғындары үшін қоғамдық қабылдау шарасын өткізді. Шараға комиссия төрағасы Ғани Ташқараев, комиссия төрағасының орынбасары Бақытжан Жақсықұлов және комиссия мүшелері Талғат Балтабаев, Рустем Ерменбеков, сондай-ақ комиссия инспекторы Ақжарқын Абилдаева қатысты. Қабылдауға келген азаматтар өздерінің жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын жеткізіп, комиссия мүшелері оларды тыңдады.
Тассай мөлтек ауданынан келген тұрғындар газ қысымының төмендігіне шағымданды. Азаматтардың айтуынша, үйлерін жылытудан бұрын газды шай қайнатуға да жеткілікті деңгейде пайдалана алмай отыр. Комиссия бұл мәселені қарастырып, аталған елдімекенде көшпелі жиын өткізу жоспарланып отырғанын, тиісті басқармамен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізетінін айтты.
Қабылдауға қатысқан тағы бір шағымданушы, жасы егде тартқан ана көршісінің үйге кіріп-шығатын жолын қоршағанын айтып, көмек сұрады. Ол бұл мәселені бірнеше рет шешуге тырысқанымен, нәтиже болмағанын жеткізді. Комиссия мүшелері мәселені назарға алып, көршілерімен сөйлесіп, зерделеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Тұран мөлтек ауданының тұрғыны кәріз жүйесінің толық аяқталуын және елдімекенге лайықты мектеп салуды сұрады. Бұл мәселелер де тиісті басқармалардың назарында болатыны түсіндірілді.
Жалпы, қоғамдық қабылдау барысында көптеген тұрғындардың мәселелері тыңдалып, комиссия мүшелері олардың шешілу жолдары бойынша тиісті шаралар қабылдайтынын айтты. Мұндай қабылдаулар халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың мұқтаждықтарын дер кезінде анықтап, шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Previous Post

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Next Post

«AMANAT»-тың қолдауымен XVII «Жан Шуақ» сыйлығын табыстау салтанаты өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде