masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ХАЛЫҚТЫҢ ЖАРТЫСЫН СПОРТҚА ТАРТУ – ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАТЫН МАҚСАТ

18 ноября, 2024
in Спорт, Қоғам
0
ХАЛЫҚТЫҢ ЖАРТЫСЫН СПОРТҚА ТАРТУ –   ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАТЫН МАҚСАТ
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларын таныстырды. Алқа отырысына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, спорт мектебі басшылары, жаттықтырушылар, спорт саласы қызметкерлері қатысты.
Шымкент қаласының 2021 — 2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар тізбесінде спорт саласының 4 көрсеткіші бекітілген.
Жалпы, жыл басынан бері қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 257 спорттық (Халықаралық, республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп, оған 31 000-ға жуық адам қатысқан. Бұқаралық спорттық іс-шаралар, спорттық жетістіктер, спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша да атқарылған жұмыстар сараланды.
Сондай-ақ, алқа отырысында дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық №9 көркем гимнастикадан олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Рүстем Жаңбырбаев баяндама жасады.
Қала әкімінің орынбасары бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды дене шынықтыруға тарту басым бағыттар болу қажет екенін айтты. Жасөспірімдерді спортқа өз жасына сай әкелу, дарынды балалармен жұмыстарды жүйелі түрде атқару және тағы басқа мәселелерге тоқталып өтті.
Жиында олимпиадалық емес спорт түрлерін қаржыландыру, спортшыларға норматив беру талаптары және тағы басқа мәселелер бойынша сауалдар қойылып, бәріне тиянақты жауаптар берілді.
Айта кетер жайт, шаһарда дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 % — ына дейін жеткізу назарда тұр.

Previous Post

ТҰРАН АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Next Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде