Тұран ауданы 21 шағын ауданнан тұрады. Халық саны 220,7 мың адам. Ауданның жер көлемі 36 300,0 га. Сондай-ақ ауданда 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар.
Бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5% сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал 2026 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Табиғи газбен 85,7%, қамтылса 95,2% электр қуатымен қамтылған.
2026 жылы табиғи газбен 100%, 2025 жылы 100% сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1% құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу жоспарға қойылған.
2024 жылы Тұран ауданындағы 50 көшеге, 37,2 шақырым асфальт салу жұмыстары атқарылады.
Сонымен қатар, 2024 жылы барлығы 43 көшеге аяқжол салу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 39 көшенің құрылысы аяқталды, қалған 4 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда.



