masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТАҒЫ БІР ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

13 ноября, 2024
in Экономика, Қоғам
0
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТАҒЫ БІР ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында жаңа гүлзар ашылды. Гүлзар аумағы 0,2 гектар.
Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сондай-ақ заманауи үлгідегі 8 дана орындық, 5 дана қоқыс жәшігі, әткеншектері бар 4 бастырма, 1 үстел теннисі, 4 вазон мен 6 декоративті тас орнатылды.
Сонымен қатар, шынар, гуджу тал көшеттері және көпжылдық гүлдер отырғызылып, 819 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Қала тұрғындарының қолайлылығы үшін тегін автотұрақ салынып, 764 шаршы метр аяқжол төселді. Бұл аумақта жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700 ден аса тұрғын бар.
Еске саларлық, Асқаров көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы «Madlen» кондитерлік кофеханасы жанында жаңа гүлзар ашылған болатын. Қаланы аралау барысында жалпы ауданы шамамен 4000 шаршы метрді құрайтын сквердің ашылуына қатыстым. Жаңа қоғамдық орында субұрқақ пен орындықтар қойылып, толық жарықтандырылды. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астындағы кинотеатр да іске қосылады.
Сонымен қатар, Тұран ауданы, Айқап көшесіндегі жаңартылған балалар ойын алаңын араладым. Жыл басында халықпен кездесу барысында тұрғындар алаңды жаңғырту туралы өтініш білдірген болатын. Халықтың пікірі назардан тыс қалмады. Айта кетейік, мұндағы жұмыс демеушілер қаражаты есебінен жүргізілді.
Қоса кетерлік, Желтоқсан көшесінің бойындада жыл ортасында жаңа аллея ашылған болатын. Желтоқсан көшесінде демеушілер есебінен салынған демалыс аймағының жалпы ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды.
Халыққа ыңғайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолының бойында заманауи жарықтандыру шамдары, орындықтар, шағын сәулет нысандары орнатылды, сондай-ақ суармалы көгалдар қарастырылып, жасыл желектер отырғызылды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Еңбекші ауданында тағы бір сквердің құрылысы жүргізілуде.
Жібек жолы, Сайрам көшелерінің қиылысында жаңа серуендеу аймағы пайда болады. Бұл жоба да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.
Мегаполистің микроклиматын қалыптастырып, жасыл желекті көбейту мәселелері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей бақылауында.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

Next Post

ДЕНДРОСАЯБАҚТА ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде