masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді

Қазақстан үшін 2024 жылдағы басты спорттық бәсекелердің бірі – Париж Олимпиадасы болса, екінші кезекте – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Астана қаласында өтетін халықаралық іс-шараға әлемнің 89 елінен спортшы келеді.

9 августа, 2024
in Спорт
0
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Астана қаласының маңындағы Талапкер ауылында көкпар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан үшін 2024 жылдағы басты спорттық бәсекелердің бірі – Париж Олимпиадасы болса, екінші кезекте – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Астана қаласында өтетін халықаралық іс-шараға әлемнің 89 елінен спортшы келеді.

1 ай ғана уақыт қалған доданы қоғам арасында кеңінен таныту үшін еліміздің барлық өңірінде «Бірлік керуені» атты топ құрылды. Бұл топқа арнайы іріктелген 10 спорттағы қайраткерлер, журналистер кірді. Міне, бүгін осы көшпенділер ойынының бағдарламасына кіретін спорттарды насихаттау мақсатында көкпардан шеберлік дәрісі өтті.

«Көкпар – қазақтың байырғы заманнан келе жатқан ұлттық спорттың түрі. XXI ғасыр жаһандану кезеңімен тұспа-тұс келгенімен, ұлттық дәстүріміз де ақырындап ұмытылып барады. Күзде алғаш рет ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының да маңызы зор. Кей адамдар үшін бұл жүлде жиынтығы сарапқа салынатын қарапайым ғана жарыс болса, біз үшін бұл ата-бабамыздан қалған дәстүрімізді жаңғырту, келешек ұрпаққа айтып қана қою ғана емес, іс жүзінде көрсету деп білемін. Мұнымен шектелмейміз. Алдағы күндері атқа отыру, асық ату, т.б спорт түрлерінен де шеберлік дәрісі өткізіледі», – деді Астана қаласының көкпардан жаттықтырушысы Ерлан Қанапин.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойыны елордамызда 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Сондай-ақ  «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылып жатыр.

 

Previous Post

Шымкентте жол жөндеуге бөлінген 99 млн теңгені жымқырған есепшілер сотталды

Next Post

Пойыз билеттері қымбаттайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде