1 қазаннан бастап қазақстандық пойыздардың билеттерінің бағасы 20 пайызға көтеріледі. Көлік министрлігі бұл хабарға қатысты пікір білдірді. Елімізде 140 жолаушылар бағыты жүреді, олардың 62-сіне тарифтің өсуі әсер етеді.
НАЛО Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Сондай-ақ, кейінгі 10 жылда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасы көтерілмегенін ескеру маңызды, — деп хабарламада. Жолаушылар вагондарының паркі 2 667 бірлікті құрайды, олардың 44 пайызы тозған. «Вагондар паркін жаңартуды жеке де, ұлттық та тасымалдаушылар жүзеге асырады. 2025 жылдан бастап жыл сайын 200 бірліктен астам вагон сатып алу жоспарланып отыр, 2030 жылға дейін 1200-ден аса бірлік сатып алынуы мүмкін. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бойынша бағаны арттыру «Теміржол көлігі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, пойыз билеттерінің бағасы 2024 жылдың 1 қазанынан бастап көтеру жоспарланып отыр.