masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

«Неге мұндай төмен ұпай қойғанын түсінбедім»: Әлия Юсупова шәкіртінің Олимпиададағы нәтижесіне баға берді

Эльжана Таниева Париж Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 13-орын алды.

9 августа, 2024
in Спорт
0
«Неге мұндай төмен ұпай қойғанын түсінбедім»: Әлия Юсупова шәкіртінің Олимпиададағы нәтижесіне баға берді
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова Париж Олимпиадасында сынға түскен шәкірті Эльжана Таниеваның аяқ алысына баға берді, – деп хабарлайды Olympic.kz.

«Эльжана Таниева өте еңбекқор спортшы. Ол өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысып, керемет әсер алып отыр. Жақсы нәтиже көрсетті деп ойлаймын. Бірақ ұршық жаттығуы үшін өте аз ұпай берді. Таниева доппен жаттығуда өрескел қате  жіберіп, допты қолынан түсіріп алды. Ал ұршық жаттығуын өте таза орындап шықты. Бір қызығы, төрешілер таза орындалған ұршық жаттығуына доптан да төмен ұпай берді. Мен бірден төрешілерге шағым түсірдім. Алайда, олар шағымды қанағаттандырған жоқ. Неліктен мұндай төмен ұпай қойғанын түсінбедім. Одан бөлек, жарысқа бір күн қалғанда бізде тағы бір жағдай болды. Эльжананың таспасында Road to Paris деген жазу бар еді. Ұйымдастырушылар бір күн қалғанда мұндай жазуы бар таспамен жарысқа жіберілмейтінін айтты. Ал спортшылар үшін ұсталған, дайындалған құралмен өнер көрсету өте маңызды. Таңертең дүкеннен су жаңа таспа сатып алдық. Бірақ бұл таспа да жаңа болғандықтан, дұрыс ұшқан жоқ. Содан әлем чемпионы, италиялық София Рафаэллиден бір таспа сұрап алдық. Сол үшін рахмет айтамыз оған.

Эльжананың өзі Олимпиададан керемет әсер алып отыр. 18 жастағы спортшы. Әлі Лос-Анджелес ойындарына дайындаламын дейді. Әлі таланты толық ашылмаған спортшы. Оның жан-жақты қырларын ашуға тырысудамыз. Оны көрермендер үлкен ықыласпен қарсы алады. Қателіктерге келер болсақ, бәрі де қате жіберіп жатыр. Әлем чемпиондары, әлемде үздік үштікке кіретін гимнастар да қателесіп жатыр. Сондықтан, Эльжананың болашағына сенеміз», — деді Юсупова.

Айта кетелік, Эльжана Таниева Париж Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 13-орын алып, финалға өте алған жоқ.

 

Previous Post

Бір күнде 60 жұп шаңырақ көтерді

Next Post

Шымкентте жол жөндеуге бөлінген 99 млн теңгені жымқырған есепшілер сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде