Шымкентте жақын арада газ тұтыну көлемі 370 мыңнан 500 мың текше метрге жетеді. Бұл жөнінде шаһарға жұмыс сапарымен барған QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді. Қазір қалада жылыту маусымына дайындық пысықталып жатыр. Сала мамандары ақауы бар газ жүйесін жөндеп, тозығы жеткен құбырларды ауыстырды.
Мегаполисте 236 мың абоненттің сұранысы бойынша сағатына 370 мың текше метр газ беріледі. Жыл соңына дейін тағы 7 шағын ауданды газдандыру жоспарланған. Шаһар аумағының көгілдір отынмен қамтылу деңгейі 96%. Ал «Qazaqgaz» ұлттық компаниясы наурыздан бастап келесі жылыту маусымына дайындықты бастап кетеді.3
— Ішкі желілердің газ қысымын реттеу анағұрлым жеңілдейтін болды. Себебі, тозығы жеткен 4 бірдей газ тарату бекетін заманауи жалғыз станса алмастырады. Жылыту маусымы алдында газ құбырлары конденсат пен судан тазартылып, есептеуіш құрылғылар толық цифрландырылған. Қала бойынша 8 мың шақырым газ құбыры бар. Оның жартысы жер астында, қалған 4 мыңы үстінде орнатылған. Жылыту маусымына дайындық барысында 80 % алмасты.
Қазір «QazaqGaz Aimaq» өндірістік компаниясының қысқа дайындығы дайындығы 72 % болып тұр. Мамандар жылыту маусымен әзірлік тек бір тараптан емес, тұтынушылар да сақадай сай отыруы керегін хабарлайды. Қала тұрғындары ішкі газ құбырына техникалық қызметті дер кезінде алып, мұржаны тазартуы қажет.