«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бүгін Алматы қаласында Қазақстан-Британ
техникалық университеті базасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның 75
жылдық мерейтойына орайластырылған «Уран және сирек металдар
өнеркәсібін дамыту» атты XI Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияның ашылғаны туралы хабарлайды.
Конференция 2024 жылдың 18 мамырына дейін жалғасады және бірінші күні
уран және сирек металдар өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелері мен
міндеттерін талқылау үшін әлемнің әртүрлі елдерінен келген атом саласының
жетекші мамандарын қоса алғанда, 1000-ға жуық қатысушыны жинады.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім
министрі Саясат Нұрбек ашты. Ол өз сөзінде министрліктің ірі өнеркәсіптік
компаниялар мен ғылым арасында «көпір» құру жолында қалай жұмыс істеп
жатқаны туралы айтты. Осы мақсатта министрлік ғалымдарға жағдай жасап,
бизнестің назарын аудару мақсатында кейбір заңнамалық актілерге
өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуде.
«Қазатомөнеркәсіпте уран өндіруші кәсіпорындардан басқа, Үлбі
металлургиялық зауыты бар – бұл бірегей кәсіпорын және ТМД елдеріндегі
тантал, ниобий және бериллий өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Зауыт ядролық және термоядролық энергетикада, аспап жасауда, аэроғарыш
өнеркәсібінде және өнеркәсіптің басқа да салаларында пайдаланудың үлкен
әлеуеті бар бериллий негізіндегі интерметалл қосылыстарының бірегей
өнімдерін жасау бойынша белсенді жұмыс жасауда. Термоядролық синтез
технологиясы бойынша 31-ші халықаралық симпозиумда ҮМЗ технологтары
мен ғалымдарының бұл әзірлемелері 2-ші орынға ие болды.
ҮМЗ технологтары мен ғалымдары бірнеше рет қиындықтарға тап болды.
Олар бұл сын – тегеуріндерге әрдайым лайықты жауап берді және ғарыш
дәуірінің материалын жасау жөніндегі бұл сын – қатерді олар лайықты
қабылдады», — деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі
Бас директоры Қуаныш Омарбеков.
«Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» XI Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы атом өнеркәсібіндегі маңызды оқиғалардың бірі
болып табылады. Конференция 2000 жылдан бері өткізіліп келеді және осы
уақыт ішінде уран мен сирек металдарды өндіру, өңдеу және пайдалану
саласындағы тәжірибе мен озық әзірлемелермен алмасу үшін беделді алаң
ретінде танылды.
бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Шығарындыларды азайту үшін біз
қоршаған ортаға әсер ету бойынша жауапты шешімдер қабылдауға
бағытталған инновациялық технологиялар мен әдістерді де енгіземіз. ҚБТУ
жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық ғылыми және білім
беру жобаларына қатысады. Бірлескен күш пен ұжымдық тілек қана нақты
өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Табиғи ресурстарды басқарудың тиімді
стратегияларын әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеу үшін бүгінгі күні диалог
өте маңызды». – деп түсіндірді Қазақстан-Британ техникалық
университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллин.
Жалпы, бұл конференция минералды-шикізат базасын болжау, барлау және
дамыту, уран мен сирек металдарды өндіру технологиясы, уран өнімін алу,
өндіріс қауіпсіздігі, сондай-ақ экология мен қоршаған ортаны қорғау
саласындағы ең заманауи және инновациялық әдістемелерді анықтауға
мүмкіндік береді.
Конференция аясында 16-18 мамыр аралығында жеті секция бойынша
тақырыптардың кең спектрі қаралатын болады:
Геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары;
Уранды өндіру және өңдеу технологиясы;
Реакторға дейінгі ядролық отын циклінің технологиялары мен өзекті
мәселелері;
Сирек, сирек жер металдарын және олардың негізінде жоғары
технологиялық өнімдерді өндірудің ресурстары мен тиімді
технологиялары;
Атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және
техногендік қалдықтарды басқару, өндірістік қауіпсіздікті басқару;
Тұрақты даму мәселелері, оның ішінде экология, Әлеуметтік сала және
корпоративтік басқару (ESG), атом саласы жұмысының құқықтық,
макроэкономикалық және білім беру аспектілері;