masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

 МЕЙРАМХАНА ӘКІМШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

26 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Мәдениет, Туризм, Қоғам
0
 МЕЙРАМХАНА ӘКІМШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент — қонақжай шаһар. Миллиондар мегаполисінің туристік әлеуетін арттыру үшін қайтпек керек? Осы мақсатта туризм басқармасы шаһардың мейрамхана әкімшілеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырды. Жиынның мән-маңызына келесі сюжетте тоқталамыз. Алтынсары Достан  «Мегаполис» қонақ үйінің официант- бармені.  Мейрамхана әкімшілерінің біліктілігін арттыруға арналған семинарға ол алғаш рет қатысып отыр. Бүгін жиынның екінші күні. Алтынай семинар тренингтің спикерлерінен тың мағлұматтар алып, шетелдік әріптестерімен тәжірбие алмасты.

Ал Денис Мельченко мейрамхана консалтингі бойынша халықаралық сарапшы. Тамақтану қызметі бойынша аналитик. Ол 2002-ші жылдан бері  осы іспен айналысып жүр. Бүгінгі конференцияда Денис бас спикерлердің бірі. Білікті сарапшы, қала қонақтары мен туристерге арналған гид-экскурсоводтарды ерекше форматта оқыту керек дейді.Осы жолы отандық мамандармен бірге Түркия, Ресей Федерациясы және іргедегі  Өзбекстаннан келген кәсіби жаттықтырушы  мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Шымкенттің мегаполис атанғалы бері экономиканың өсіп, туризм дамып жатқаны жайында сөз қозғады. Жыл сайын тарихи-мәдени бағыты бойынша білімдері мен тәжірибелерін арттырса, осы жолы таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп,жол көрсететін гид-инструкторларға да өз білімін арттыруға мүмкіндік беріліп отыр.

Айта кетейік, бұл қонақжайлылық саласындағы сервисті жақсарту аясында өтіп жатқан алғашқы семинар тренинг емес. «Visit Shymkent»  ұйымдастыруымен 2021-ші жылы алғаш рет өткен семинар тренингтер қазіргі таңға дейінөз жалғасын тауып келе жатыр. 2021-2023 жылдары  гид-экскурсоводтар  мен қонақ үй әкімшілеріне ұйымдастырылып келген семинар тренингке осы жылы тағы да бір бағыты қамтып, мейрамхана әкімшілері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды да көздеп отыр.

 

 

 

 

Previous Post

1,3 млрд теңге Қазатомөнеркәсіптің серіктестері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға бөлді

Next Post

«Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде