Қаншама қан мен тер төгіп Алаш үшін күрескен әрбір батырдың бойында жарқын болашаққа деген сенім оты жанып тұрған. Сол сенім келешек ұрпаққа деген сенім болған. Міне сол сенімінің арқасында сізде,бізде Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп келе жатырмыз.Алайда,сол сенім ақталып жатыр ма? Мағжан атамыз сенген жалынды жастар үміттерді ақтап жатырма?
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі тіл мәселесі. Тілін жоғалтқан ұлтөзін жоғалтқан ұлт демекші, ұлтымызға жоғалып кету каупі төніп тұр. Қазақ тілін сақтап қалу үшін жанын қиған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ғұламалардың сенімі тапталып,үміті ақталмауда.
Бұған не себеп? Себеп қазақ тілінің маңыздылығының жоғалуында. Қазіргі жастардың қазақ тілінде сөйлеуден ұялатыны байқалады. Ал көшеде кетіп бара жатқандардың көпшілігі орыс тілінде шүйіркелесіп бара жатқанын жиі байқаймыз. Жастар – ел ертеңі десек, өзге тілде сөйлеп жүрген қандастарымыз болашақта еліміздің дамуына қандай үлес қосады деп осындайда ойға қаласың. Себебі адам қай тілде сөйлесе,сол ұлттың менталитетін, салт-дәстүрін, танымын өзінің бойына сіңіріп алатыны жасырын емес.
Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі — қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық.
Тіл — тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз — тіл болмақ емес. Тіл — тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп жарияланды. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы — біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз — қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан
Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» — делінген. Мемлекеттің саясаты — тіл саясаты қағидасын тәжірибеге берік ендіру, алға басуға ұмтылу.Тілі мен мәдениеті дамыған ел ғана әлем сахнасында өзін көрсете алады.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен.
Қарақат Әшірхан — №90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы