masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістандық шенділер темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен танысып қайтты

19 мая, 2023
in Қоғам
0
Түркістандық шенділер темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен танысып қайтты
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі — шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдарды ұстау шарттарымен таныстыру болып табылады.

Осыған орай, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілген мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты №55 мекемесінде болып, тар қапастағы түзету мекемесінің тіршілігін көзбен көріп қайтты.

Шара барысында лауазым иелері қауіпсіздігі жоғары мекеме қызметі мен жазасын өтеушілерді ұстау шарттарымен, төсек-орын мен медициналық бөлме, асхана, аула және жұмыс жасайтын цехтарымен жіті танысып шықты.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен Департамент қызметкерлері лауазымды тұлғаларға тура жолдан таймауды, адалдықтан айнымауды ескертіп, пара алу мен қызмет бабын асыра пайдаланудың соңы ауыр жазаға әкеліп соғатынын жан-жақты түсіндірді.

Бас бостандықтың маңызын ұқтырған шара соңында темір тордың ахуалымен танысқан шенділер оңай олжаға ұмтылудың соңы – заң алдында қатаң жауапкершілікке соқтыратынын терең ұғынып, лауазымды қызметкерлерлердің елге адал қызмет етуіне мұндай бастаманың оң ықпал ететінін ашық жеткізді.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытындағы жүйелі жұмыстар әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.

Previous Post

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті

Next Post

Түркістан: Этносаралық шиеленістердің шығу себептері және оның алдын алу бойынша семинар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде