masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Прокуратура: арандатушылық үндеулерге алданбауға шақырады

17 января, 2023
in Қылмыс
0
Прокуратура: арандатушылық үндеулерге алданбауға шақырады
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Облыс прокуратурасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның талаптарына қатысты тұрақты түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатқанына қарамастан, жекелеген адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер тарапынан тұрғындарды интернет-ресурстар арқылы заңсыз митингілер мен наразылық акцияларына қатысуға шақырулары жалғасуда.

Айта кету керек, 2022 жылы екі өңір тұрғындары Түркістан және Кентау қалаларында келісілмеген митингілерге қатысуға шақырғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары оларды ұстап, олардың біреуі сотпен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, ал екіншісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488 – бабы бойынша-Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу).

Сонымен қатар, «Ел аумағында енгізілген төтенше жағдай режимінің формальдылығы екені» туралы әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін (Қылмыстық Кодекстің 274-бабы Көрінеу жалған ақпарат тарату) Түркістан облысының «Б» есімді тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, арандатушылық үндеулерге берілмеуге және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Құқық қорғау органдары кезкелген құқық бұзушылықтардың жолын кесетін және оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.

 

 

Түркістан облысының прокуратурасы

Previous Post

Түркістан қаласының әкімі жылу қазандықтары мен бірқатар құрылыс нысандарын тексерді

Next Post

Түркістан: «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір баспана сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде