masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан қаласының әкімі жылу қазандықтары мен бірқатар құрылыс нысандарын тексерді

17 января, 2023
in Uncategorized
0
Түркістан қаласының әкімі жылу қазандықтары мен бірқатар құрылыс нысандарын тексерді
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы жылу қазандықтары мен бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Түркістан — облыс орталығы болған уақыттан бері үлкен құрылыс алаңына айналғаны ақиқат. Қаланың дамуы бекітілген бас жоспарға сәйкес жүзеге асып келеді. Қолданыстағы заңға сәйкес, барлық нысандар техникалық қадағалаушы және авторлық бақылаушы мекемелердің қортындысына сәйкес қабылданады.

Құрылыс нысандарының сапасына қатысты қандай да бір мәселе туындаған жағдайда оны шұғыл назарға алып, қалпына келтіруді жүйелі жүзеге асырылып келеді.  Қазіргі таңда осы мақсатта «Жаңа қала» аумағында екі бекет ашылып, жедел әрекет ету бригадалары елге қызмет етіп жатыр.

Жыл басынан бері жедел әрекет ету орталығының көмегіне 397 қоңырау түскен. 136 өтініш бойынша мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Түркістан Жылу мекемесіне қатысты 124 өтініш мерзімінде қаралып, қажетті жұмыстар мерзімінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жедел әрекет ету бригада құрамында газ, су, жарық және тазалық мәселелеріне жауапты мамандар бар.

Құрылыс басында мердігер мекеме өкілдерімен кездескен қала басшысы ескертулердің орындалуы бойынша есеп алып, мерзімінен кешіккен құрылысшыларға заңға сәйкес шара қолданылатынын назарға салды. Былтыр әкімдік тарапынан кепілдік мерзіміне сәйкес 52 мердігер мекемеге ескерту берілген. 33 мердігер мекеме ұсынылған кемшіліктерді қалпына келтірді.

Міндеттемесін орындамаған 19 мердігерге заңға сәйкес шара қолданылып, 9,5 млн. теңге айыппұл салынды. 15 мердігер мекеме Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасына (гаск) шара қолдануға ұсынылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Next Post

Прокуратура: арандатушылық үндеулерге алданбауға шақырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде