masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістандық жастар 1000 теңгеден ақша жинап, ауыл көшесін жарықтандырды

6 декабря, 2022
in Uncategorized
0
Түркістандық жастар 1000 теңгеден ақша жинап, ауыл көшесін жарықтандырды
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында Созақ ауданының жастары 1000 теңгеден ақша жинап, ауыл көшесін өз бетімен жарықтандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Созақ ауылындағы «Шақырық» мөлтек ауданының жастары игі іске ұйытқы болды. Олар ұзындығы бір шақырымнан асатын Қ.Тоқмағанбетов атындағы көшеге жаңадан 36 бағана орнатып, жарық шамдарын жалғады.

Жастар темір бағаналар мен жарық шамдарды қаладан сатып алып келген. Дәнекерлеу жұмыстарын да өздері жасаған. Ал жарықты ауылдағы электрик азаматтар тартып берген.

«Қазір көшеміз түнде жап-жарық. Ортақ істен ешкім қалыс қалған жоқ. Қаражат жинауда да жастар өз еркімен белсенділік танытты» — дейді Қайрат Болатбеков.

Жалпы созақтық жастар жеке қор ашқан. Онда ай сайын 1000 теңгеден жиналып отырады. Қорға түскен қаражат ортадан құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен ауылдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталады.

Ендігі мақсаттары – ауылда жастар саябағын салу. Қазіргі кезде бұл бағытқа ауыл әкімдігінен жер сұрап отыр. Мәселе шешілген бойда құрылыс жұмыстарына бірден кіріспек.

Айта кетейік, Созақ ауылының тұрғындары қашан да белсенді. Мәселен мектеп бітіргеніне 10 жыл толатын түлектер жыл сайын ауылдағы аз қамтылған екі отбасына үй салып береді.

 

Previous Post

Түркістан: Тероризммен күрес жайы талқыға салынды

Next Post

Түркістанда тұрақты комиссияның отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде