ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің мен «Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметшілері және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуында, Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан «Мақтарал ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде және «Қазпошта» АҚ Атакент бөлімінде қоғамдық бақылау шаралары жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында аталған мекемелерде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісінде және ішкі жағдайлары қызмет алу орындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болу жағдайларына мән берілді.
Бақылау барысында, «Мақтарал ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде және «Қазпошта» АҚ Атакент бөлімінің кіре берісінде орнатылған пандусы бекітілген стандартқа сәйкес келмейтіндігі және шақыру батырмасы жоқтығы анықталып, мекеме басшыларына ғимараттардың кіре берісін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы, қолайлы етіп бейімдеу шараларын тез арада жүргізу ескертілді.
Аталған мекемелерде электронды түрде мемлекеттік қызмет алушылар үшін арнайы «Өзіне –өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған, интернет желісіне қосылған.
Сонымен бірге, бақылау шаралары барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарда берілді.
Аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелердің тұрғындарға қолайлы болуы мен ұсынатын мемлекеттік қызметтердің қолжетімді, сапалы болуына қоғамдық бақылау іс-шаралары жалғасатын болады.