masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Келес: Ел қоржынына алтын салған оғлан туған жеріне табан тіреді

23 ноября, 2022
in Қоғам
0
Келес: Ел қоржынына алтын салған оғлан туған жеріне табан тіреді
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Иордания астанасы Амманда өткен бокстан азия чемпионатының алтын жүлдегері келестік Санжар Ташкенбай туған жері, Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіне келді. Чемпионмен Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев кездесіп, өз ізгі тілектерін арнады.

— Ауданымыздан өзің секілді жастардың шығып, ел намысын әлемдік ареналарда абыройлы қорғауы бүкіл келестіктер үшін үлкен мақтаныш. Артыңнан еріп келе жатқан жасөспірімдер үшін сен нағыз батыр атандың. Алдағы уақытта Олимп шыңын бағындырып, еліміздің атын төрткүл дүниеге танытуыңа тілектеспіз, — деді аудан басшысы Ақментай Үсенұлы.

Аудан әкімі Ақтөбе ауылдық округіндегі Ғ.Мұратбаев елді мекеніндегі спортшының жанұясына барып, спортшының әжесі Разия Шалдыбаеваға ел мақтанатындай ұл тәрбиелегеніне алғысын айтып, иығына ақ жаулық жапты.

Чемпионның құрметіне ауылдастары қазақтың ұлттық спорты саналмыш Көкпар беріп, Санжарға ат мінгізді. Әлем және Азия чемпионы өз кезегінде елеп, құрмет көрсеткен барша жерлестеріне өз ризашылығын білдіріп, алдағы спорттық сайыстарда жеңістің тұғырынан көрінуге бар мүмкіндігін саларын айтты.

(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Келес: Осал объектілердің ланкестіктен қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар түсіндірілді

Next Post

Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа емхана пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде