Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінде «Ауыл — Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында тәулігіне 75 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы жаңа медициналық нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт және аудандық аурухананың бас дәрігері Жанат Тогайбекова қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Жалпы аумағы 1 гектар жерде орналасқан нысанның айналасы толығымен қоршалып, көгалдандырылған. Ғимаратының аумағы 940 шаршы метрді құрайды. Ішінде 20-дан астам заманауи жабдықтармен жабдықталған ем-дом көрсететін және емделушілер қаралатын бөлмесі бар. Бұл жерде отыздан астам ақ халатты абзал жан халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 5 учаскелік дәрігер бар, қалғаны — медбикелер.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі