masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Келес: 552 азамат жастар практикасына жолдама алды

23 ноября, 2022
in Қоғам
0
Келес: 552 азамат жастар практикасына жолдама алды
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиын барысында үш мәселе қаралды. Аппараттық жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары Алмас Сексенбаев, Серік Қарақұлов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Сапаров, аудан әкімі аппаратын қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге тоқталсақ, алғаш болып аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов аудан бюджетінің бүгінгі жайы және иегерілуі бойынша баяндама жасаған болса, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш, арыз-шағымдарға берілген жауаптарының 10 айдағы көрсеткіштері жайлы аудан әкімі аппаратының жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы Ермекбай Өтешов баяндап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесінің басшысы Ерлан Ибраимов арыз-шағымдарға берілетін жауаптардағы заңдылықтың сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары бойынша орталық директоры Нұрипа Темирбаева мәлімдеді. Келес ауданындағы халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында, ауданда Ұлттық жобалар аясында 20 жоба ашылып, жалпы 267 азамат жұмыспен қамту шараларына қатысу жоспарланды. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту мақсатында жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың қазан айының қортындысы бойынша 552 азамат 198 өтінім берген жұмыс беруші мекемелерге жолданған. Оның ішінде 51 азамат практиканы аяқтап, 6 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жиын қорытындысымен аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдеріне жыл басында қойылған жоспарларды орындауға нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын арнайы хаттамалық тапсырма ретінде бақылауға алатынын жеткізді.

(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Жетісайда терроризмнен сақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар түсіндірілді

Next Post

Келес: Осал объектілердің ланкестіктен қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде