masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ақбайлықтардың өтініші қанағаттандырылды

2 декабря, 2022
in Қоғам
0
Ақбайлықтардың өтініші қанағаттандырылды
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қарасу Ауылдық Округінде «Ауыл — Ел тірегі» жобасы аясында өткен іс-шарада ақбайлықтар ауылдың кіреберісіндегі темір жол асты өткелінің жолын асфальттеп беруді сұранған болатын. Олардың айтуынша, ауа райы қолайсыздығы кезінде тозығы жеткен, ескі жолдың беті суға жиналып, сын көтермей келген. Тұрғындар және көліктердің әрі-бері өтуіне бірнеше жылдан бері айтарлықтай қиындық туғызып отырған.
Бүгінде бұл мәселенің оңтайлы шешімі табылып, ауыл тұрғындарын қуантуда.
Ауылдық округінің әкімі Дамир Сыдыковтың ұйымдастыруымен,
жергілікті кәсіпкер Еркін Адхамов бастаған кәсіпкерлер қолдауларын көрсетіп, көмек қолын созды. Алдымен 200 метрге жуық жол бөлігінің беті қырылып, қиыршық тас төселіп, тегістелді. Соңынан асфальт төселді. Осы жұмыстарға 15 адам, 4 техника жұмылдырылды.
Ауыл әкімі белсенділерімен бірге ауыл кәсіпкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
— Ауылымызда асар жолымен басталып, біткен жұмыстың қайыр берекесі көп болсын! Жаны жайсаң, жүрегі жомарт, қайырымды жандарға жерлестерімізбен бірге алғысымызды жеткіземіз. Бұл біздің ынтымағымыздың белгісі. Көпшілікке, әсіресе жастарымызға үлгі боларлық тірлік жасадыңыздар. «Игі істің басына — жақсы келер қасына» деген сөз Сіздерге арналған деп айтқан артық емес. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: Түсінігі және қатынасы”тақырыбында жиын өтті

Next Post

"Парасат" пікірталас клубының тоғызыншы отырысында ауыз су мәселесі талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде