🔶 Әр қаланың, ауылдың, кез-келген елді-мекеннің тіршілік көзі орта және шағын бизнеске негізделген. Соның арқасында тұрғындар тұрақты табыс тауып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.
ӨНЕРКӘСІП CАЛАСЫ
🔶 Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты өнеркәсіп саласында 2022 жылдың қаңтар-қазан айында 6 млрд 868,3 млн. теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 79,8% құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 4 млрд 425,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 71,2 пайызға жеткен.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
🔶 Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңға ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5359 жетті.
ИНВЕСТИЦИЯ
🔶 Бекітілген кешенді жоспарға сәйкес ауданымызға 2022 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 25,6 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен аталған жоспар 168,5 пайызға немесе 15,7 млрд теңгеге орындалды. Оның ішінде жаңадан ашылып жатқан мектеп, балабақша, спорт кешендері, дүкендер және де т.б құрылыс нысандарының есебінен 10 млрд 396,6 млн. теңгеге ауданымызға инвестиция тартылды.
БӨЛШЕК САУДА
🔶 Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі сауда-саттық қызметі. Мәселен, есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 940,9 млн. теңгеге, яғни 106,8 пайызға орындалды.
ТУРИЗМ САЛАСЫ
🔶 Сауран ауданының экономикалық әлеуетін дамытудың негізгі бағытының бірі туристік кластерді дамыту болып табылады.
🔶 Аудан аумағында «Әзірет Сұлтан» қорық – мұражайының меншігінде 52 тарихи-мәдени туристік нысан бар. Бұл нысандар ішінде туристер қызығушылық танытқан Жүсіп ата кесенесі, Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата кесенелері бар.
🔶 Сауран ауданы бойынша 2022 жылдың 10 айында келген туристер көрсеткіші 65324 адам. Оның ішінде: Сауран қалашығы – 9106; Үкаша ата кесенесі – 51689; Жылаған ата – 1466; Жүсіп ата кесенесі – 2532; Имам Мархозы – 531;
Ұлттық жобаға сәйкес, Сауран ауданына 2022 жылына 500,0 млн теңге негізгі капиталға инвестиция тарту жоспары қойылып, 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 392,7 млн.теңге инвестиция тартылған және инвестиция өсімі бар. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қаржыландыруымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК тарапынан Ескі Сауран қалашығының басынан «Сапар орталығы» құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
🔶 Қонақ үйлердің санын арттыру, және ондағы туристерге көрсетілетін қызметтерді жетілдіру жөнінде айтар болсақ, биыл Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын қонақ үй құрылысы басталды. Бұл қонақ үй жеке кәсіпкер Төрежанов Ерболаттың жеке қаражаты есебінен іске асырылуда. Аталған қонақ үй келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
🔶 Ескі Иқан ауылдық округінде жоба құны 50,0 млн.теңгені құрайтын «Жүсіп ата» кесенесінде «Сапар» орталығы мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Айта кетерлігі, бұл орталық ауданымыздағы жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының демеушілігі есебінен бой көтерді. Бүгінгі таңда «Сапар» орталығын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» теңгеріміне өткізу бойынша құжаттары рәсімделуде.
Бабайқорған ауылдық округінде жоба құны 50,0 млн теңге құрайтын демалыс аймағы салынып, қазіргі таңда қызмет көрсетуде. Шорнақ ауылдық округінде жоба құны 424,0 млн теңге құрайтын жол бойындағы қызмет көрсету орталығы салынып, келушілерге қызмет көрсетуде. Шорнақ ауылдық округінде жоба құны 150,0 млн теңге құрайтын жол бойындағы қызмет көрсету орталығы салынуда.
🔶 Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Neo Nomad 20» акциясын өткізу жұмыстарын жоспарлап, Түркістан облысы туризм басқармасы фотостоп орнату қызметін жүзеге асырған болатын. Акция нәтижесінде фотостоп Қазақстанның туристік 20 орынына орнатылатын болады. Соның бірі Ескі Сауран қалашығының аумағына орнатылған болатын.
Жобаны жүзеге асыру үшін туристер тізімдегі 20 орындарға барып, әлеуметтік желіде #NeoNomad20 тегімен орналастырады. Осылайша ұйымдастырушылар акцияға қатысатын туристерді тег арқылы бақылап, акция қорытындысы бойынша барлық 20 орынға барған туристер бағалы сыйлықтарға ие болады.