masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ғани Мұратбаев атындағы мектепте «Coworking» орталығы ашылды

28 ноября, 2022
in Uncategorized
0
Ғани Мұратбаев атындағы мектепте «Coworking» орталығы ашылды
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан қаласына қарасты Ғани Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында біршама игі істер атқарылуда. Соның ішінде жас буынның білімділік сауаттылығын арттыру – бірінші орында тұр. «Кітап – білім бұлағы» дейтін болсақ, қазір кітапқұмар жастар азайып кетті. Оған басты себеп – кітапханалардың заман ағымынан кенжелеп қалуы. Осы олқылықтың орнын толтырып, оқырманды кітапханаға қайта тарту мақсатында «Coworking» орталығы ашылды.

Басты мақсат – кітапханаға оқырманды, әсіресе жастарды көбірек тарту. Мұндай бастама – рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы. Яғни, жастарға ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды таныту. Көркем әдебиетті оқыту арқылы құндылықтарымызды, тарихымызды дәріптеу. Еліміздің сауатты азаматтарының қатарын арттыру. Әсіресе, бұл мекен компьютерлік ойындарға тәуелді жастардың назарын кітапқа аударуға зор үлес қосады.

Кітапханада балалар тек кітап оқумен ғана шектелмей сүйікті істерімен яғни тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындарын ойнап, ән тыңдап, әртүрлі шаралар өткізіп әлеуметтік желіден қажетті ақпараттарын ала алады. Орталықтың жұмысы туралы кітапхана меңгерушісі Калимбетова Динара түсіндіріп, қалай жұмыс жасайтынын таныстырып өтті.

«Жаңаша безендіріліп, өзгеше жабдықталған орталық оқушылардың тұрақты ортасына айналарына сенім мол!»,- дейді мектеп ұжымы.

 

Previous Post

Шардара: Тұрғындардың жеке мәселелері қаралды

Next Post

Аманаттықтар Екібастұз қаласының тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде