masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аманаттықтар Екібастұз қаласының тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберді

28 ноября, 2022
in Қоғам
0
Аманаттықтар Екібастұз қаласының тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберді
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді.

Бүгін партияның Астана қаласындағы филиалынан гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Аманаттықтар барлығы 1000-нан астам жаңа электр жылытқыштар, көрпелер, термостар және тағы басқа қажетті заттар жолдады.

«Партиялықтар Екібастұзда орын алған жағдайға алаңдап отыр. Аманаттықтар Арыстағы, Мақтааралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен болатын. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Бүгін елордадан ең қажетті заттар – жылытқыштар, көрпелер жөнелтіледі. Бүгіннен қалмай бұл көмек Екібастұз тұрғындарына жеткізіледі», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Астана қаласы филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов.

Екібастұзда волонтерлер штабы ашылды. «Жастар Рухының» белсенділері үй-үйді аралап жатыр. Мобильді бригадалар жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда. Сондай-ақ, партияның жастар қанатындағы волонтерлер апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру жұмысымен де айналысып жүр.

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, яғни Ерлан Саиров, Вера Ким, Артур Платонов, Жанарбек Әшімжан, Айгүл Нұркина, Дүйсенбай Тұрғанов, Анатолий Бойчин дәл қазір Екібастұз қаласының тұрғындарына жедел көмек көрсетіп жатыр.

 

Previous Post

Ғани Мұратбаев атындағы мектепте «Coworking» орталығы ашылды

Next Post

Мейірім етсең — мейірімділік көресің

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде