Бүгінде Жетісай ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 11 мәдениет үйі мен 21 кітапхана тұрақты жұмыс істеп келеді.
Биылғы жылдың 10 айында сала мамандары тарарынан 792 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 31 808 көрермен қатыстырылған.
Аудан жастарына ұлттық өнерді ұғындыра отырып, эстетикалық тәрбиемен сусындату мақсатында «Жетісай аудандық мәдениет үйі» КММ қарасты ауылдық мәдениет ошақтарында жұмыс істейтін 52 үйірмеге 524 адам қатысуда.
Аудандағы елді мекендердің өзекті мәселелерінің бірі саналатын мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша 2022 жылға жергілікті бюджеттен Қызылқұм ауылдық округі Датқа елді мекеніндегі мәдениет үйіне қарасты ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15,8 млн теңге, «Жетісай аудандық мәдениет үйі» КММ ғимаратының ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 50 млн теңге қарастырылған.
Одан бөлек, Қ.Сатпаев ауылдық мәдениет үйі мен спорт залын күрделі жөндеуден өткізуге ауданнан 9 млн 263 мың теңге қаралып, жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Мемелекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Күрделі жөндеуге қажетті 707 млн 966 мың 246 теңгенің облыстық бюджеттен бөлінуіне ұсыныс енгізілді.
Сондай-ақ, Абай ауылдық округінің Атажұрт ауылынан, Жылы су ауылдық округінің Жылы су және Байқоныс ауылдарынан, Ынтымақ ауылдық округінің Талапты ауылынан, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм ауылынан және Атамекен ауылдық округінің Атамекен ауылынан мәдениет үйі мен кітапхана құрылысын салуға жер телімдері бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 3,5 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінде ауданның құрылыс бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жаңа ауыл ауылдық округінің Мырзашөл, Атақоныс, Қазыбек би ауылдық округінің Қазыбек би ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасауға аудан бөджетінен 2 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2022 – 2023 жылдардағы мәдениет нысандарында қысқы маусымға дайындық жұмыстары да жүйелі жүргізіліп, 195 тонна көмір сатып алуға 2,7 млн теңге қаржы бөлінген. Саладағы жалпы 31 нысанның 7-уі табиғи газбен, қалған 24-і қатты отынмен жылытылады.
Сондай-ақ, биылғы жылдың 10 айында ауданда 90 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып 9 500-ге жуық адам қамтылған.
Тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрақты түрде жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесінде 72 727 адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданып келеді. Бұл аудан тұрғындарының 38,89 пайызын құрайды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі