masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Базардан зардап шеккендерге жеңілдетілген несиелер берілуде

29 ноября, 2022
in Қоғам
0
Базардан зардап шеккендерге жеңілдетілген несиелер берілуде
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Тамыздың соңғы күндерінде өртке оранған «Күлпаршын базары» ЖШС қалпына келтіру, материалдық зардап шеккендерге көмек беру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Нақтырақ айтар болсақ, базар басшылары мен «STALKON STROY» ЖШС мердігер мекемесі арасында келісім-шарт түзіліп, жалпы алаңы 3600 м2 құрайтын тез құрастырмалы модульді металл құрылымын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Таймас компани» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан базардың ішін тегістеп, 2500 м2 аумаққа бетондау жұмыстары жүргізілген. Аталған аумаққа орнатылған контейнерлердің төбе жаппасы жабылып, сауда қатарларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 7 бригадада 50 адам сауда ғимараттарының шатырын жабу, ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде.

Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерді басқа сауда орындарына уақытша орналастыру бойынша 50-ге жуық кәсіпкер «Қарақай» сауда базарына, 170 кәсіпкер «Күлпаршын» базарының өрт шалмаған орындарына жайғастырылып, қалпына келтірілген 80 кәсіпкер өз орындарында жұмыс жасауда.

Зардап шеккен кәсіпкерлердің шығындарын зерделеу мақсатында жұмыс жүргізген 6 топтың мәліметінше 1560 сауда орнында жұмыс жасайтын 838 кәсіпкердің шығыны 10,1 млрд теңгені құрап отыр. Зардап шеккен 838 кәсіпкердің тізімі «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне» ұсынылып, нәтижесінде 65 азаматтың екінші деңгейлі банктер және түрлі микроқаржы ұйымдарынан алынған несиелерін төлеу мерзімі 6 ай мерзімге кейінге шегірілді (несие саны 1689, сомасы 1 млрд 933 млн теңге, қалған сомасы 1 млрд 331 млн теңге). Бүгінгі таңға 464 кәсіпкердің 1,7 млрд теңгеге несие құжаттары қабылданды. Оның ішінде жылдық 1 пайыздан аспайтын кепілсіз 2 млн теңгеге дейін несие алуға өтініш білдіргендер саны 210 кәсіпкер жалпы соммасы 420 млн теңге, 5 млн теңгеге дейінгі несиге өтініш білдіргендер саны 254 кәсіпкер жалпы соммасы 1,3 млрд теңге. Оның ішінде, зардап шеккен кәсіпкерлерге «Ырыс» микро кредиттік ұйымы арқылы несие сомасы 1,2 млрд теңге болатын 260 жоба қаралуда, несие сомасы 500 млн теңге болатын 197 жоба мақұлданған. Оның ішінде 190 кәсіпкерге 476 млн теңге несие төленді, 7 кәсіпкерге 24 млн теңге несие төлеу жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Жетісайдың орталық саябағы жаңа кейіпке енетін болады

Next Post

Мәдениет пен спортқа бетбұрушылар көп

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде