masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

1 декабря, 2022
in Қоғам
0
Жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы бүгін Жетісай ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру, адам бойына қажетті құндылық қатынастар мен қабілеттерін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істердің барысымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамға, өнеркәсіпке келтірілетін зияндар мен кері әсерлері түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің оған қарсы сананы қалыптастырудан басталатынын алға тартып қоғамдағы бірлік, әдеп, игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.

Кездесуде Гүлмира Төлегенқызы мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет жасап, билік пен басқару органдарының беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай заңдылық қағидаларын жоққа шығаратын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайтын қылмыстың ең қауіпті түрі – сыбайлас жемқорлық туралы қойылған сұрақтарға жауап берді, ашық пікір алмасты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да, қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – ол тек қана сана емес, ол – сыбайлас жемқорлықты бүкіл жан-тәнімен қабылдамау, қарсы тұра білу» деді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Жастардың қатысуымен “Тұлға” атты семинар-тренинг өтті

Next Post

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде