masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Бірлік» секторы тұрғындарын толғандырған мәселелер тыңдалды

23 ноября, 2022
in Қоғам
0
«Бірлік» секторы тұрғындарын толғандырған мәселелер тыңдалды
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен кезекті кездесуін «Бірлік» секторында жалғастырды. Аталмыш кездесуге қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары Ғаппар Амантайұлы мен Ұғылжан Сабыржанқызы мен Дәурен Рақымұлы қатысты.

Жыл басынан бері бұл секторда 3 рет кездесу өтіп, 93 мәселе көтерілген.

Оның:

— 46 — орындалды (12 инфрақұрылым, 25 жол мәселесі, 4 қоғамдық көлік, 3 электр жарығы және 2 әлеуметтік сала);

— 9 мәселе бойынша жұмыстар жоспарлы жүргізілуде;

— 14 мәселенің заңдылығы түсіндірілді.

Кездесулерде «Бірлік» секторында электр қуатының төмендігі бойынша 6 шағым түскен болатын. Нәтижесінде Арнасайға — 3 дана, Ару ана аймағына 1 дана, 8-көшеге 1 дана трансформатор орнатылды. Сонымен қатар жаңадан қоныстанған аумақтарға ауыз су жүргізу мақсатында жаңа жоба іске асырылуда. «Бірлік» секторында 167,3 шқ. құрайтын 164 көше болса (оның ішінде 17 көше асфальт жол, 130 көше тас жол, 17 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 16,5 шқ.құрайтын 26 көшеге тас төселді, 16,7 шқ. құрайтын 11 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.

Сондай-ақ, 3,4 шқ құрайтын 3 көшені орташа жөндеуден өткізу көзделуде. «Бірлік» тұрғын алабына қарасты қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге 8 дана аялдама орнату жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндаған шаһар басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Көтерілген мәселелер зерделеніп, заңға сәйкес, жоспарлы, кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.

 

Previous Post

«Шауғарда» жол мен жарық мәселесі өзекті

Next Post

Жетісайда терроризмнен сақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде