«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Динара Егамбердиева мен Сайрам аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары аудан тұрғындарының талап-арызын тыңдау мақсатында, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Талап — тіліктері мен өтініштерін айтып келгендердің негізгі мәселелері атаулы әлеуметтік көмек алу, ҚР азаматтығын алуға көмек, инфрақұырылым және жер мәселесі.
Бірінші кезекте Ақсукент ауылының тұрғыны Ф. Исмаилов Солтүстік өңірге көшуге ниетті екенін айтып, сонда көшіп баруға көмек керектігін жеткізді. Сондай-ақ әлеуметтік көмек алудың жолдарын түсіндіруді сұрады. Аталмыш мәселеге мән бере келе арызданушының арызын қанағаттандыруға ықпал жасайтындарын жеткізді. Сондай-ақ биыл Солтүстікке көшу бағдарламаcына бөлінген қаржы игеріліп қоюына байланысты 2023 жылы өтініші қаралып Петропавл қаласына жіберілетін болады.
Екінші Қайнарбұлақ ауылдық округі, Қасымбек Датқа елді мекенінің тұрғыны О.Абданбеков шешімін таппай жүрген жер дауын айтып, шешіп беруді өтінді. Бұл мәселе халық қалаулысы тиісті бөлім басшыларына хат жолданатынын жеткізді. Сондай-ақ бұл мәселені толық заң жүзінде жақсы білетін заңгермен бірлесіп шешуге атсалысатынын айтып өтті.
Сонымен қатар Ақсукент ауылының тұрғыны О.Щеглова хрестиан дін өкілдерінің шіркеуі тұсында жол құрылысын жасап болғаннан қалып кеткен кем-кетігін толық бітіріп беруді сұрап арызданды. Бұл мәселеге назар аударған жолға жауапты мамандар, айтылған кемшіліктер толығымен жойылатынын жеткізді.
Соңғы болып өтінішін арқалаған Ш.Тажикулов ҚР азаматтығын алуға көмектесуін өтінді. Біраз жылдан бері украин азаматтығын алған ауылдасымыз, елге оралып еліміздің азаматтығын алуда қиындық туындап жатқанын түсіндірді. Бұл мәселе бойынша Сайрам аудандық көші-қон полиция бөлімі тарапынан тиісті көмек қолы ұсынылып, шешілетін болды. Ал Динара Асылқызы бұл мәселені заң аясында кеңес беріліп, толық шешілгенге дейін бақылауға алынатындығын тілге тиек етті.
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы