Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Кулмаганбетованың жылдық жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 24 қараша күні Ш.Уалиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп базасында «Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын кешенді пайдалану» тақырыбында ауданымыздың педагог-психологтарымен тәжірибелік- семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Білім — тәрбие беру процесінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың қабілетін, дарындылығын, зияткерлігін арттыруда психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, кешенді жұмыстар жүргізу.
Семинарда Ш.Уалиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің педагог-психологы Н.Турганбаева, «Сеславино» шағын жинақты жалпы орта мектебінің педагог-психологы Е.Курманова, «Жиынбай» жалпы орта мектебінің педагог-психологы Г.Аманкулова және Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы Әсілбек Бағлан өз тәжірибелерімен бөлісіп, тимбилдинг, нейропсихологиялық жаттығуларын және тренинг өтті.
Семинардың қорытынды кезеңінде шебер-сынып өткен педагог-психологтар теориялық және практикалық әдістемелерді тиімді қолдана білгендігі және тәжірибе алмасу мақсатында көптеген мағлұматтар алғандығын мамандар айтып өтті.