masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Түлкібаста «Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы» тақырыбында семинар-кеңес өтті

29 ноября, 2022
in Білім
0
Түлкібаста «Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы» тақырыбында семинар-кеңес өтті
0
SHARES
39
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2022 жылдың 29 қараша күні Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында «Тәртіптің ең тамаша мектебі — Отбасы» тақырыбында мектеп ата-аналары комитетінің төрағасы, ата-аналары және педагог-психологтардың қатысуымен аудандық семинар кеңес өтті.

Семинардың мақсаты:

-Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.

-Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

-Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін ұғындыру.

-Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидаларын түсіндіру.

Семинарға Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Кадырбек Ержан Изтайұлы, әдістемелік кабинетінің психологтар әдіскері Кулмаганбетова Мөлдір Асқарқызы, Түлкібас ауданының прокуроры Ахмет Жақсылық Мейірбекұлы, Түлкібас АПБ ЖПҚ КТІЖ аға УПИ майоры Сыдыков Нуржан Жуманович, Түлкібас ауданы ата-аналар комитетінің төрағасы Миразизов Мырсалы Фузаилович, Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығының төрағасы, психолог Жакипова Ақбаян Төлбасықызы қатысып, «Отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша тренинг өткізді.

Ал тәжірибелі психолог, гештальттерапевт, тренер, коуч Нұрпейісова Ләззат Қалқайбекқызы педагог-психологтармен тренинг өтті.

Семинар-кеңес соңында қатысушы педагог-психологтар және ата-аналар балаларымен байланыс жасаудың жаңа бір әдісін үйреніп, болашақтарына қатысты жаңаша көзқарастың пайда болғандығы туралы ойларын бөлісіп, алғыс білдірді.

 

Previous Post

Назарбаев Зияткерлік мектебі 7 сыныптарға құжат қабылдау басталды!

Next Post

Көлік жүргізушілерге ауа райы қолайсыз кезде жабық жолдарға шыққаны үшін айыппұл салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде