masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан: Ордабасыда ономастика мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті

28 ноября, 2022
in Мәдениет
0
Түркістан: Ордабасыда ономастика мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданында «Тарихи атауларды қайтару – тарихи жаңғыру кепілі» атты облыстық конференция өтті.

Шараға облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және ауданға қарасты ауылдық округтердің әкімдері мен ономастика саласына жауапты аудан, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Шараның мақсаты ономастикалық атауларды қалпына келтіру, реттеуде басты бағыттардың бірі халықтың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жергілікті атқарушы органдардың ономастика саласындағы жұмысын үйлестіру және жүйелендіру болды.

Аталған іс-шарада тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін жұмыс барысында басшылыққа алу керектігі аталып өтті.

Сонымен қатар Ордабасы, Сауран аудандары мәдениет бөлім басшыларының ономастика саласы бойынша есебі және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, профессор Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлының баяндамасы тыңдалды. Конференция соңы пікір алмасумен қорытыланды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Түлкібаста Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы аталып өтті

Next Post

Қазақ жұртшылығы жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұтпен қоштасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде