masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістан: Таеквондодан Сүйіліш батырды еске алуға арналған республикалық жарыс аяқталды

29 ноября, 2022
in Спорт
0
Түркістан: Таеквондодан Сүйіліш батырды еске алуға арналған республикалық жарыс аяқталды
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістанда таеквондодан өткен Сүйіліш батырды еске алуға арналған IV республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жалпы жарыста Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері және еліміздің барлық аймағынан келген 700-ден астам спортшы бақ сынады. Дәстүрлі турнирде кадеттер, жастар мен жасөспірімдер 50 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Сүйіліш батыр кәсіби спорт клубының президенті Ержан Нұршиловтың демеушілігімен өткен сайыс жүлдегерлері диплом және медальдармен марапатталды. Жастар және жасөспірімдер арасында бірінші орын алған спортшылар мен жаттықтырушыларына қаржылай сыйлық табысталды.

Командалық есепте бірінші орын алған елордалық Қажымұқан спорт клубының өкілдері «Сүйіліш батыр» атындағы ауыспалы белбеуін иеленді. Жарыстың бас төрешісі Дәурен Алғабаевтың айтуынша, ереже бойынша қай команда екі жыл қатарынан жеңімпаз атанса, белбеу сол команда қоржынына бұйырады.

Түркістан облысының талантты спортшылары жеңіске жетіп, өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Жастар арасында өңір намысын қорғаған 55 келідегі Ғани Құлымбет пен 68 келіде өнер көрсеткен Назым Махмұтова, 32 келіде Зарнигор Толкиновалар алтын алқаның иесі атанды. Ал, жасөспірімдер арасында сынға түскен 28 келіде Шұғыла Мырзахан мен 34 келідегі Айсәуле Махамбетке тең келер қарсылас болмады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Созақ ауданында 14 мыңнан аса көшет егілді

Next Post

Назарбаев Зияткерлік мектебі 7 сыныптарға құжат қабылдау басталды!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде