masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Венгрия елшісіне Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

30 ноября, 2022
in Экономика
0
Венгрия елшісіне Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Сатыбалды Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Өңір басшысының міндетін атқарушы Қазақстан мен Венгрия арасындағы байланыстың жоғары деңгейде екенін айта келе Венгрия инвестициясын тартуға, екі жақты қарым-қатынасты тереңдете түсуге мүдделі екенін айтты.

– Түркістанға қош келдіңіз! Бүгін біздің облыс пен Венгрия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қатысты пікір алмасуға жақсы мүмкіндігіміз бар. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылғы Түркістан облысы құрылды, оның әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді. Қалаға облыс орталығы мәртебесін беру қалаға ғана емес, бүкіл өңірге инвестиция тартуға айтарлықтай серпін берді. Нәтижесінде өткен жылы инвестиция көлемі 60% — ға өсіп, 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Біз Венгрия инвесторларын қарсы алуға, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл ретте «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы бойынша өңірдің әлеуеті зор. Инвестициямен қатар мәдениет, білім салаларында да әріптестік орнатуды жөн деп білемін. Осындай кездесулер арқылы байланыстар көкжиегі кеңейе түседі, – деді Д.Сатыбалды.

Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона да Түркістандағы мүмкіндіктерді қарастырып, өз елінің бизнес өкілдеріне мәлімет ұсынатынын жеткізді.

– Жаңа Қазақстанды құру үрдісі жүріп жатқанын білеміз. Түркістанның тарихи рөлі туралы да хабардармыз. Жалпы Венгрия мен Қазақстанның тарихында ортақ дүниелер бар. Арнайы экономикалық аймақтарыңыз бен ұсынылатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берсеңіздер оны зерделеуге дайынбыз. Әрине, бизнеске тікелей әсер ете алмаспыз, бірақ екі ортада байланыс орнатушы ретінде инвестиция салуға да, тартуға да ниеттіміз. Біз ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, балық шаруашылығы, жүгері шаруашылығы, құс фабрикаларын дамыту бойынша ұсыныстар бере аламыз деп ойлаймын. Келесі кездесуімізде нақты ұсыныстарды қарастырып, келісім жасаймыз деген сенімдемін, – деді Венгрия елшісі.

Кездесу соңында екі тарап естелік сыйлықтар алмасып, екіжақты байланысты нығайта түсу жөнінде уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі кезекті рет ұйымдастырылды

Next Post

Түркістан: Кентауда «Көгалдандыру – көптің ісі» атты тал егу акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде