masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1 декабря, 2022
in Cаясат
0
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

– Мемлекет тарапынан үлкен сенім мен жауапкершілік жүктеліп отыр. Идеология, білім, мәдениет, спорт, туризм салалары бойынша маңызды міндеттерді атқару керек. Өте күрделі салалар екенін білеміз. Жұмысыңызға сәттілік тілейміз, – деді Дархан Сатыбалды.

Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – журналист, құқықтанушы. Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі болып бастап, 2005-2017 жылдар аралығында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы — баспасөз хатшысы лауазымын атқарды. 2018-2019 жылдары Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2022 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымын атқарып келді. Сондай-ақ 2020 жылдан Түркістан облыстық мәслихатының VII шақырылымдағы депутаты. Мәслихаттағы «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болды.

Бейсенбай Тәжібаев әр жылдары мемлекеттік наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «ҚР Президентінің Алғыс хаты» (Омырау белгісімен), «Халық алғысы» медалі, «Құрмет» орденінің иегері.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістандық параспортшылар әлемді мойындатты

Next Post

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сәкен Қалқамановты қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде