masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Шардарада вице-министрлер шаруалармен кездесті

2 декабря, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: Шардарада вице-министрлер шаруалармен кездесті
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Шардара ауданының шаруаларымен кездесу болып өтті. Кездесуге ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Дауылбаев Еркебұлан, ҚР Экология, геология және табиғат ресурстар министрлігі, Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Бекмағамбетов Досбол, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Оспанов Тұрғанбек және аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мен өзге де сала мамандары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – шаруашылықпен айналысушы өңірдегі халықтардың өзекті мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыру. Сонымен қатар жиындар барысында ұсынылған өтініштерді талқылап, жүзеге асуына көмектесу.

Жиын негізінен сұрақ-жауап түрінде өткізіліп, шаруалар тарапынан өзекті сауалдар қойылды. Жер мәселесі, өндіріс орындарын ашу, заңсыз құм қазу, субсидия, ағын су тарифы және жайылымдық жер тақырыптарын көтерген шаруалар вице-министрлерден мәселелердің шешілуін сұрады. Министрлік өкілдері әр сұраққа жеке-жеке түсіндірме беріп, оның түбегейлі шешілу процесстерін түсіндірді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша заңды тұрғыдан өзгерістер болатынын және шаруалар айтқан ұсыныстардың мемлекеттік деңгейде жүзеге асуына ықпал жасалатындығын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістанда мұз сарайы бой көтерді

Next Post

Түркістан: Түлкібаста газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде