masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында көмек сұрап келген жігіттер тұрғынның телефонын ұрлап кеткен

Түркістан облысында көмек сұрап келген жігіттер тұрғынның телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 ноября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында көмек сұрап келген жігіттер тұрғынның телефонын ұрлап кеткен
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, үйіне белгісіз біреулер келіп, өздерінің көліктерінің бұзылып, жолда қалып қойғанын айтып көмек сұраған. Содан ол көшеде тұрған көлікке барып көлікті жөндеуге кіріседі. Жәбірленуші көлікті жөндеп болып үйіне кірген сәтінде үстел үстінде тұрған ұялы телефонының ұрланғанын байқап, бірден полицияға хабарласады. Жәбірленуші ер адамға келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.  Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктілерді анықтау мақсатында ауданның тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті. Көрген-білген жандардан сұрастырып, жәбірленушінің жауабымен, басқа да сұрастыру әрекеттерінің арқасында кінәлілердің жеке басы анықталды. Олар Шымкент қаласының тұрғындары, яғни күдікті үш азамат болып шықты.  Анықталғандай, бұл қылмысты күдіктілер алдын ала сөз байласып, жоспарлы түрде жасаған. Олар жолда қалып қойған жолаушылар секілді кейіп танытып, тұрғыннан көмек сұраған. Осы сәтте күдікті екі азамат жәбірленушіні алдаусыратып тұрғанда, үшінші сезікті жігіт үй ішіне жасырын кіріп, телефонды жымқырған. Одан әрі қарай күдіктілер олжалаған телефоннан жәбірленушінің жинақы қорындағы 1,2 млн теңгесін заңсыз пайдаланған. Осылайша оңай жолмен пайда тапқан сезіктілер ақшаның барлығын жеке бас қажеттілігіне жаратып жібергендерін айтты. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Previous Post

Кентау тұрғыны алаяққа сеніп, 2 млн теңгесінен айырылды

Next Post

Түркістан облысының полицейлері студенттермен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде