masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды президент сайлауында дауыс берді

24 ноября, 2022
in Cаясат
0
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды президент сайлауында дауыс берді
0
SHARES
2
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістанда жұртшылықтың саяси науқанға деген белсенділігі жоғары. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өз таңдауын жасады. Өңір басшысы ел тағдыры үшін маңызды саяси науқанға атсалысты. Облыс әкімі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында орналасқан №133 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан. Сайлау учаскелерінің 893-і азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және 26-ы уақытша болу орындарындағы сайлау учаскелері (5 — әскери бөлімде, 1 — шипажайда, 16 — емдеу мекемесінде, 4 — уақытша ұстау изоляторында).

Облыс бойынша интернет жылдамдығы жоғары

300-ден астам сайлау учаскелерінде еqov.kz порталы арқылы сайлаушылардың тіркелген мекен — жайын тексеру бойынша онлайн сервистер ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сайлаушыларды тізімдерден тексеру бойынша «109 бірыңғай байланыс орталығы» (Call – орталық) 24/7 режимде жұмыс жасауда.

Облыс орталығы Түркістан қаласында 5 сайлау учаскелерінде дауыс беру күні тіркеуде жоқ азаматтарды анықтау және тіркеу бойынша қызметтер ұйымдастырылған. Барлық сайлау учаскелерінде заңға сәйкес сағат 07.00-де дауыс беру басталды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 1 163 860 сайлаушы дауыс береді деп жоспарланған.

Науқанды бақылауға 2 229 комиссия мүшесі бекітілген. Олар учаскелердің техникалық жабдықталуын, сапалы ғаламтормен қамтылуын тексеріп, тиісті шешім шығарған. Өңірде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

Облыс аумағында сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетуде.

Сайлауда мүгедектігі бар азаматтар үшін жағдай жасалынған. Қазіргі таңда облыста 97 101 мүгедектігі бар азамат тұрады. Олардың 60 пайызы сайлауда дауыс беру құқығына ие. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін учаскелерде арнайы бұрыштар орнатылған. Одан бөлек, 36 инватакси, 42 әлеуметтік такси, есту қабілеттері нашар азаматтар үшін 101 ымдау маманы қызмет көрсетіп жатыр.

Сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша Түркістан облысы сайлаушыларының 27% дауыс берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облысындағы мәдениет саласының өкілдері сайлауға белсене атсалысуда

Next Post

Кентау тұрғыны алаяққа сеніп, 2 млн теңгесінен айырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде