2022 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесу мақсатында Түркістан облысына келеді.
Негізгі іс-шаралар «Ақжайық» музыкалық мектебінде өткізіледі:
Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 19.
Азаматтарды қабылдау сағат 10.30 бен 11.00 аралығында өтеді.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері), брифинг – сағат 11.00 мен 12.20 аралығында ұйымдастырылады.
Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ). Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 747 654 6423.