masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістандық делегация Жамбыл облысының шаруаларымен кездесіп, тәжірибе алмасты

24 ноября, 2022
in Қоғам
0
Түркістандық делегация Жамбыл облысының шаруаларымен кездесіп, тәжірибе алмасты
0
SHARES
0
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері Жамбыл облысына барды. Мақсат – шаруаларға жеңілдетілген несие беру арқылы жүзеге асқан «ауыл тұрғындарының табысын арттыру» жобасы бойынша тәжірибе алмасу. 2019 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында үйіргелік аумақтарды игеру арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытып, «ауыл тұрғындарының табысын арттыру» жобасы сәтті жүзеге асқан болатын.
Түркістандық делегация бірнеше шаруа қожалығы мен копперативтерін аралап, тәжірибе алмасты. Пилоттық жобаның артықшылықтары мен тиімді тұстарын анықтап, жүзеге асыру жолдары бойынша кеңес алды.
Аталған жоба Жамбыл облысында іске асқан уақытта халықтың жұмыспен қамтылуы өсіп, жобаға қатысқан адамдардың табысы 2 есеге артқан, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайып, 11 ауылдағы кәсіпкерлер саны 3 есеге көбейген. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп, Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан-етін.
2021 жылы Үкімет басшысымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жобаны басқа өңірлерде кеңінен қолдану үшін жол картасын әзірлеу тапсырылып, жобаны республика көлемінде жүзеге асыру жұмыстары басталуда.
Аталған жобаны Түркістан облысында іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 20,5 млрд. теңге қаржы бағытталуда. Бұл қаржы жоба қатысушыларына жылдық 2,5% мөлшерлемемен қолжетімді несиелендіру шарттары арқылы беріледі деп көзделіп отыр.
Кредит пен микрокредит мерзімі: 5 жылға дейін; мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Несие сомасы 2,5 мың АЕК. Қазіргі таңда облыста пилоттық жобаға қатысатын әр ауданнан бір ауылдық округ таңдалып, алғашқы 16 ауылдық округ анықталды. Ондағы халық саны 185 436 адамды құрайды.
Несиелендіруді ет, сүт, жеміс-көкөніс өңдеу, балық өсіру және тері, жүн өңдеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделуде. Несиелендіру жұмыстарына сенім білдірілген агент ретінде «Түркістан» ӘКК» АҚ анықталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 30 жылдығына арналған гала-концерт өтті

Next Post

Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» грантының жеңімпаздары үздік жобаларын таныстырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде