masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Арыста тағы бір жаңа білім ордасы ашылды

23 ноября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: Арыста тағы бір жаңа білім ордасы ашылды
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Арыста 70 балаға арналған жекеменшік мектеп ашылды. Қала орталығында орналасқан жаңа оқу ордасында 1-4 сынып оқушыларына ағылшын тілі мен орыс тілі және информатика пәндері тереңдетіліп оқытылады.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Болашақ» мектебінің салтанатты ашылуына қала басшысы Гүлжан Құрманбекова мен қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жауапты мамандары, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.

– Қаламызда ашылып отырған жаңа мектебіміз – баланың жан-жақты дамып, ой-өрісінің кеңеюіне жол ашады. Ұл-қыздарымыз сапалы білім алуы үшін оларға мейлінше қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарымыз әлі де жалғасын табатын болады. Білім беру ісіне белсенді атсалысып жатқан кәсіпкерлеріміз бен саланың жауапты мамандарына алғысымды білдіремін, – деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.

Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған 5 кабинет пен акт залы және асхана бар. Жаңа оқу ордасының ерекшелігі сол – мұнда балалар бір ғана ауысыммен оқиды, ал бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды.

Шара аясында білім ордасының негізін қалаған Дариға Қажымұқанқызы көпшілікке және ата-аналарға білікті де білімді мамандардан құралған ұжымды таныстырып, мұнда балалардың жан-жақт білім алуына барлық жағдайдың жасалғанын айтты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысын газдандыру бойынша 70 нысанның құрылысы жүріп жатыр

Next Post

Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «азия кубогы» додасы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде