masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Биыл Түркістан облысында 11 елді мекен ауыз сумен қамтылады

23 ноября, 2022
in Қоғам
0
Биыл Түркістан облысында 11 елді мекен ауыз сумен қамтылады
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы әкімдігінде өңірді ауыз сумен қамту жұмыстары, осы саладағы өзекті түйткілдер талқыланды. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте осы сала бойынша әр аудан, қала әкімдіктеріндегі кемшіліктер айтылып, барлық жоба мен жоспар кеңінен талданды.

– Біз үшін өңірді дамытудағы ең бірінші басымдық – елді сапалы ауыз сумен қамту. Таза ауыз су – ұлт денсаулығын сақтаудың кепілі. Сондықтан осы саладағы мәселелер терең талданып, тиісті ұсыныстар айтылсын. Мемлекет тарапынан қаржыландырылып жатқан әрбір жоба қатаң бақыланып, қадағалау жүргізілуі керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай аймақты ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Оның мәлімдеуінше, Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) немесе 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде ауыз су беру қызметімен айналысатын 32 кәсіпорын бар.

2022 жылы 55 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 18,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 13 нысанды биыл тапсырып, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 42 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен су құбыры мүлдем жоқ 11 елді мекен (Сарыағаш-3, Қазығұрт-2, Ордабасы-6) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 4 елді мекеннің (Жетісай-2, Ордабасы-1, Түлкібас-1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.

Биыл Жетісай, Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт, Келес ауданындағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың барысына басқарма мамандарымен арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бақылауға алынған.

Аталған мәселені шешу мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес, тозығы жеткен су құбырлары кезең-кезеңімен қайта жаңартылады.

Жиынды түйіндеген облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне ауыз су мәселесін назарда ұстау, ауыз судың жер асты қорларын барлау, жобалық-сметалық құжаттар мен су нысандарының құрылысын сапалы атқару жөнінде тапсырма берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Previous Post

Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа емхана пайдалануға берілді

Next Post

Түркістан облысын газдандыру бойынша 70 нысанның құрылысы жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде